Атап айтқанда, Ардагерлер көшесінде асфальтбетон жабынының жоғарғы қабаты төселуде. Осыған байланысты 21-23 мамыр аралығында Алмалық көшесінен Ардагерлер көшесіне дейінгі учаскеде жол қозғалысы шектелген.
Сондай-ақ Таскескен көшесінің Обаған көшесінен С.Нұрмағамбетов көшесіне дейінгі учаскесінде орташа жөндеу басталды. Мұнда қозғалыс 22-25 мамыр аралығында жабылады.
Бекетай көшесінде Н.Тілендиев даңғылынан А. Затаевич көшесіне дейінгі бөлігінде орташа жөндеу жүргізіледі. Көлік қозғалысы 22-23 мамыр аралығында толығымен шектеледі.
«Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмау үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлағаны жөн», - делінген әкімдік сайтында.