— Түлектерді жұмыспен қамтуға жәрдемдесу секторында жұмыс істей отырып, ол студенттер мен олардың ата-аналарын академиялық үлгерім, грантқа ауыстыру және стипендияны қайтару мәселелерін «шешіп» бере алатынына сендірген. 2023-2024 жылдар аралығында ол алаяқтық жолмен 3 млн теңгеден астам қаржыны иемденгені анықталды. Оның әрекетінен 15 адам зардап шеккен, — делінген прокуратура хабарламасында.
Мемлекеттік айыптаушы оның кінәсін толық дәлелдеді.
Жәбірленушілерге келтірілген шығын өтелді.
Кінәсін мойындап, залалды өтеуі және кәмелетке толмаған балаларының болуы ескеріліп, ол 3 жылға бас бостандығын шектеу жазасына сотталып, тағайындалған мерзімге пробациялық бақылау белгіленді.
Үкім заңды күшіне енді.
Еске сала кетейік, бұған дейін адам саудасына қатысты 40 қылмыс анықталғанын жазған болатынбыз.