Астанада жүгіруден халықаралық олимпиада күні шарасы өтеді
19:10, 13 Мамыр 2009
АСТАНА. Мамырдың 13-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Мамырдың 16-да Астанада жүгіруден халықаралық олимпиада күні шарасы өтеді.
Бұл туралы ҚазАқпаратқа ҚР Туризм және спорт министрлігінің Штаттағы ұлттық командалар және спорттық резервтер дирекциясының баспасөз қызметінен хабарлады. Сенбі күні, сағат 10:00-де Қ. Мұңайтпасов атындағы стадионда басталатын осы бұқаралық-спорттық шараны ҚР Туризм және спорт министрлігі, Астана қаласының әкімдігі және ҚР Ұлттық олимпиада комитеті ұйымдастырып отыр. Осыған байланысты ертең, мамырдың 14-де Орталық стадионнның конференц залында ҚР Ұлттық олимпиада комитеті президентінің, Қазақстанның жеңіл атлетика бойынша мемлекеттік жаттықтырушысының және Астана қаласы Ұлттық олимпиадалық комитеті төрағасының қатысуымен баспасөз мәслихаты ұйымдастырылады.