Астанада жүк көлігі тоқтатпақ болған инспекторларды қағып кетті

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан – Қарағанды бағытындағы жолда HOWO маркалы жүк көлігі көлік бақылаушы инспекторларды қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Көліккомитетінің баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, оқиға бүгін болған.Жылжымалы көлік бақылау бекетінің қызметкерлері кезекшілік кестесіне сәйкесНұр-Сұлтан – Қарағанды автожолында бақылау жүргізген болатын.

Бақылау бекетінің 2инспекторы HOWO маркалы жүк көлігін тоқтатпақ болған кезде жүргізуші олардыңбұйрығын орындаудың орнына өздерін қағып өткен. Онымен қоймай басқа көліккебарып соғылған.

«Оқиға орнына Көліккомитетінің мамандары, жол полициясының қызметкерлері және жедел жәрдеммамандары келіп, зардап шеккен көлік инспекторлары ауруханаға жеткізілді. Алжол ережесін бұзған жүк көлігінен нормативтен 20 тонна артық жүк тиелгеніанықталды. Оның жүргізушісінің үстінен іс қозғалатын болады», - делінгенбаспасөз мәліметінде.

ҚР Көлік комитеті21 мамырдан 31 тамызға дейін «Назар аударыңыз, ауыр салмақты көлік!» акцияжүргізіп жатыр.

Комитеттіңмәліметіне сүйенсек, негізінен жүк көліктерінің нормадан тыс ауыр жүк тиеуі жиікездесуде. Ведомство жалпыға ортақ жолмен шамадан тыс ауыр жүк тиеп өткенкөліктер туралы ақпаратты кез келген азамат +7708 088 08 00 нөмірі бойыншаWhatsАpp мессенджері арқылы жіберуге болатынын хабарлайды.

Соңғы жаңалықтар