«Қазіргі кезде, үстіміздегі жылдың 31 қазаны мен 4 қарашасында ауруханада және үйінде көз жұмған келіншектердің өлімін тексеруді ұйымдастыру шаралары жүргізіліп жатыр. Сараптама нәтижелеріне қарай медицина қызметкерлерінің көрсеткен көмегінің сапасына баға беріледі. Одан әрі материалдар тергеу органдарына жіберіледі», - деді С. Байғабылов.
Бұдан бұрын, 31 қазан және 4 қараша күндері Астанада екі жүкті әйелдің қайтыс болғанын хабарлаған едік.
Еске сала кетейік, 21 маусым күні №1 перинаталдық орталықта жүкті келіншек қайтыс болған. 25 маусым, 2 шілде күндері тағы екі әйел көз жұмған. 16 шілдеде №2 перинаталдық орталықта тағы бірі бақилық болды. 1 қыркүйекте жыл басынан бергі бесінші қайғылы оқиға тіркелді.