деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР Кодексінің 90-шы бабына сәйкес 2009 жылғы желтоқсанның 15-інен бастап Астана қалалық Денсаулық сақтау басқармасы, Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы бала табуға қабілетті жастағы әйелдер арасында жүктілік басталғаннан бастап 12-ші аптаға дейін тіркеуге алыну қажеттігі жөнінде ақпараттық науқанды бастады. Көптеген әйелдер тіпті бұл туралы бейхабар. Ал тағы кейбіреулерінің ниеті болғанымен, тіркеуге тұратын уақыты болмауы мүмкін», деді Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының директоры Ләйлә Исмағамбетова.
Сонымен қатар, дәріске қатысқан жүкті әйелдерге шағын «әлеуметтік сөмке» тапсырылады. Оның ішінде гигиеналық қажетті заттар мен ақпараттық материалдар бар.
Аталмыш іс-шараға сондай-ақ Денсаулық сақтау министрлігі, Денсаулық сақтау басқармасының өкілдері, қалалық перзентханалардың бас дәрігерлері мен әйелдер кеңестері меңгерушілерінің орынбасарлары қатысуда.