Бұл туралы елорданың ресми сайтынан хабарлады.
2013 жылғы 25 ақпандағы Үшжақты келісім комиссиясының отырысында жүктілігі мен босануы, бала асырап алуы жөніндегі демалысына ақы төлеудің әлеуметтік маңызын ескере отырып, ІV тарауына өзгерістер енгізуді шешті: онда «ҚР міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын еңбек және (немесе) ұжымдық шарттарға, жұмыс берушілердің актілеріне жүктілігі және босануына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты табысынан айырылған жағдайларда әлеуметтік төлемдерді шегеріп орташа еңбекақысы сақтала отырып, жүктілігі және босануына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алу бойынша демалыс төлемі туралы шарттар енгізілсін» делінген.
Ал Астана қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы Еңбек нарығын талдау және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы Айгүл Таласованың айтуынша, қабылданған келісім бойынша бұдан былай еңбек демалысына шыққан әйелдерге мемлекет тарапынан ғана емес, жұмыс беруші тарапынан да жәрдемақы төленетін болады. Айта кету керек, мемлекет ең төменгі жалақы көрсеткішінің он еселенген сомасын төлейтін болады, ал, жәрдемақының қалғаны жұмыс беруші тарапынан төленеді.