Астанада жүлде қоры 400 мың АҚШ долларын құрайтын жедел шахмат пен блицтен әлем чемпионаты өтеді
Бұл туралы Қазақстан Республикасының шахмат федерациясы хабарлайды.
Астанадағы шахмат әлеміндегі айтулы шараның бас турниріне әлемнің танымал 16 гроссмейстрлері жиналады.
Байрақты бәсекенің ашылу салтанатына мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қатысады.
Жедел шахмат пен блиц - шахмат ойындарының ішіндегі ең эмоционалды және аса тартымды түріне жатады. Астана күні мерекесін айшықтайтын шахматтың осы түрлері бекер таңдалмаған. Әрі турнир қатысушыларының қай-қайсысы да осал емес, жарыс бәсекелестік рухта өтеді деп күтілуде.
Турниге Магнус Карлсен, Сергей Карякин, Борис Гельфанд, Веселин Топалов, Василий Иванчук, Теймур Раджабов, Александр Грищук және басқалар қатыспақ.
Қазақстан намысын рапид бойынша Мұртас Қажғалиев және Әнуар Ісмағамбетов, блиц бойынша Павел Коцур және Ринат Жұмабаев қорғамақ.
Қала күні қарсаңында өтетін шара ұйымдастырушылары Астана қаласы әкімшілігінің, ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі, мәдениет және ақпарат министрілігің қолдауымен Қазақстан Республикасының шахмат федерациясы және FIDЕ халықаралық шахмат федерациясы.