Астанада Жұмабаев даңғылының учаскесі жөндеу жұмысына байланысты жабылады
АСТАНА. KAZINFORM – Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Р. Қошқарбаев даңғылынан Балқантау көшесіне дейінгі учаскеде М.Жұмабаев даңғылына орташа жөндеу жүргізеді.
Осыған байланысты, биыл 29 сәуір мен 5 мамыр аралығында аталған учаскеде қозғалыс ішінара жабылатын болады. Осы уақытта көлік қозғалысы екі бағытта бір жағынан кезең-кезеңімен ұйымдастырылады.
— Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады, — делінген Астана қаласы әкімдігі таратқан хабарламада.
Айта кетелік Астанада жол жөндеу жұмыстарына байланысты қандай көшелер жабылатынын жазған едік.