Астанада жұмыскер 6 метр биіктіктен құлап кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласының Есіл ауданында жұмыскер биіктіктен құлады, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.

Жаңадан салынып жатқан «Арман қала» тұрғын үй кешенінде құрылыс жұмыстарын жасау кезінде бір жұмыскер 6 метр биіктіктен құлаған. «BI-Group» ЖШС-нің 1984 жылғы жұмыскері ауруханаға жатқызылды.