Астанада жұмыскер көпірден құлап кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордадағы М-2 көпірінде жөндеу жұмысы кезінде бір жұмыскер құлап, зардап шекті, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.

Оқиға 2 наурыз күні сағат 10.55 кезінде орын алған. Орынбор көшесіндегі М-2 көпірінің бағандарына жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан «Рострагрупп» ЖШС-нің жұмыскері 3 метрлік биіктіктен құлап кеткен. Зардап шеккен 1987 жылы туған азамат ауруханаға жеткізілді, қазір дәрігерлердің бақылауында.