Жалпы алғанда бағдарлама жүзеге асырыла бастағалы 88 107,9 млн. теңгенің 506 жобасы мақұлданды.
Жалпы құны 85 316,7 млн. теңгені құрайтын 451 жоба пайыздық мөлшерлемені субсидиялау бойынша мақұлданды, 100 адамға 4 417,4 млн. теңге көлемінде несиелер бойынша кепілдер берілді. Өндірістік инфрақұрылымға келсек, электр қуатымен жабдықтау, жол жөндеу, кәріз жүйелері, сумен жабдықтау, бу трассасын ауыстыру бойынша республикалық бюджет есебінен жалпы сомасы 2 791,23 млн. теңгені құрайтын 35 жоба мақұлданды.
Мұнымен қоса, 59,9 млн. теңгенің 20 жобасына грант аясында рұқсат берілді.
12:53, 17 Наурыз 2016
Астанада «Жұмыспен қамту жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында 26 жоба мақұлданды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласының үдемелі индустриалды дамуының үйлестіру кеңесі «Жұмыспен қамту жол картасы - 2020» Бизнесті қолдау және дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясында банктердің, лизингтік компаниялардың несиелерінің пайыздық мөлшерлемелерін субсидиялау бойынша 26 жобаны мақұлдады. Несие желісінің жалпы сомасы - 3,4 млрд. теңге, соның ішінде 9 жобаға 549,3 млн. теңге көлемінде несиелерді жартылай кепілдендіру бойынша қолдау көрсетілді, деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен.