Бұл туралы ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен хабарлады.
18 сәуір күні Астанадағы кірпіш зауытының аумағында құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қоспаны әзірлеуші 34 жастағы жұмысшы жарақаттанып, оқиға орнында көз жұмды.
Осы күні елордада «Қолжетімді баспана-2020» тұрғын үй кешенінің құрылысы барысында бір қабат биіктіктен «Меркурий және К» ЖШС-нің тас қалаушысы құлады. 1979 жылғы жұмысшы ауруханаға жеткізілді.