Астанада жұмыссыздық 4,6% төмендеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада жұмыссыздықпен күрес бойынша жүргізілген белсенді шаралардың арқасында үстіміздегі жылдың 3-ші тоқсанында жұмыссыздық деңгейі 4,6% қысқарды. Елорда жұмыссыздық деңгейі бойынша көшбасшы позициясын алды, аталған көрсеткіш республикалық көрсеткіштен 0,3%-ға төмен, деп хабарлайды Астана қалалық әкімдігінің «Жұмыспен қамту орталығы» КММ «ҚазАқпарат» ХАА-ға.

Бұдан бөлек, Астана қалалық статистика департаментінің мәлімдеуінше, жастар арасындағы жұмыссыздық 3 тоқсанда 4,6% төмендеген, бұл көрсеткіш ағымдағы жылдың 1 тоқсанымен салыстырғанда 1%-ға аз.

Сондай-ақ, әйелдердің жұмыссыздық деңгейі 4,4%-ға жеткен, 1 тоқсанмен салыстырғанда 1,9%-ға кеміген.

2016 жылдың он айлық қорытындысы бойынша, Жұмыспен қамту орталығына 11 679 адам жүгінген. Олардың - 6 194 адам тұрақты жұмыс орнымен қамтамасыз етілген; - 2 046 адамды қоғамдық жұмыстарға жолдаған; - 699 адам қажетті мамандықты игерген; - 661 түлек жастар тәжірибесінен өткен, - 119 жұмыссыз әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылған.

Осылайша, жүгінген 11 679 адамның 9 719-ы немесе 83,2 %-ы әлеуметтік қорғауға алынды.