Биылғы жылдың 1 қазанында елордада 18 жекеменшік жұмыспен қамту орталығы тіркелген. Жұмыс іздеушілер саны - 4 179, олардың ішінде 35,1 пайыз, яғни 1 469 адам жұмысқа орналасты.
Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқарма басшысының орынбасары Олжас Омаровтың мәліметінше, биыл 9 айдың ішінде Жұмыспен қамту басқармасына 10 000 адам келген. «Олардың 60 пайыз - 30-ға толмаған жас адамдар. Сөйтіп, біз 1 700 адамды кәсіби дайындық курстарына, қайта дайындалуға және біліктілігін арттыру курстарына аттандырдық, 670 түлек дағдыландырылуға, 330 адам әлеуметтік жұмыстарға, 2 800 адам қаржыландырылатын қоғамдық жұмыстарға жіберілді, тағы 3000 маман тұрақты жұмыс орнын тапты», - дейді басқарма өкілі.