Бұл туралы қала әкімінің баспасөз қызметінен хабарланды.
Астана қаласының әкімдігінде «Астана қаласының жаңа көлік жүйесі» - 1 кезек» жобасын басқару мәселелері бойынша қызметтер» байқауының қорытындысы бойынша KSPMC-мен тиісті келісім-шартқа қол қойылған болатын.
«Астана қаласының жаңа көлік жүйесі» жобасына сәйкес, жеңіл рельсті көлік Қазақстан астанасының көлік жүйесінің негізі болады және қаланың барлық қоғамдық көлік түрлерін біріктіреді. Ол жоспарланып отырған BRT жүрдек автобус жүйесімен және ITS интеллектуалды көлік жүйесімен байланысты болады.
ЖРК жүйесі Астана қаласының климаттық жағдайларына толығымен бейімделіп жасалады және заманауи дабыл, ақпарат, байланыс және электронды жол жүру төлемі жүйелерін қарастырады.
ЖРК құрылысының 1 кезегі Астана қаласында EXPO-2017 Халықаралық көрмесін өткізуге дайындық шеңберінде көліктік инфрақұрылымды дамыту үшін ерекше маңызға ие.
KSPMC консорциумы әлемнің көптеген елдерінде ЖРК жобаларын жоспарлау және басқару саласында көпжылдық табысты тәжірибесі бар Systra компаниясының құрамына кіреді. Systra компаниясы 1995 жылы құрылған. Штаб-пәтері Парижде орналасқан.