«19 шілдеде сағат 10.58-де Есенберлин көшесінде «Mitsubishi Sigma» маркалы көлікті басқарған жүргізуші көлікті басқара алмай қарсы жолаққа шығып, автобус аялдамасында тұрған кәмелеттік жасқа толмаған бойжеткенді қағып кетті», - делінген хабарламада.
Апат салдарынан жарақат алған бойжеткен ауруханаға жеткізілді. Ал оны қаққан 21 жастағы ер адамды, 2016 жылдың мамырында Астана әкімшілік соты ӘҚтК 608-бабына сәйкес үш жылға жүргізушілік куәлігінен айырған. Одан ішімдіктің иісі шыққан соң, жүргізуші медициналық-әлеуметтік сауықтыру орталығына жеткізілді, ол медициналық куәландырудан бас тартты.
Оған қатысты ӘҚтК 613-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, іс әкімшілік сотқа жіберілді. Астана ауданаралық мамандандырылған сотының судьясы оған 20 тәулікке тұтқындау түрінде жаза тағайындады. Бұдан басқа, сараптамалар тағайындалды.