Астанада жүргізушіні автобус жаншып кетті

АСТАНА. 22 мамыр. ҚазАқпарат - Астананың Сарыарқа ауданында кеше сағат 10.48-де қосалқы бөлшектердің көлік базарында жөндеу жұмыстары барысында «Сетра» автобусы 37 жастағы жүргізушіні жаншып кетті.

Ер адам оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.