Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, келтірілген шығынның жалпы сомасы 2,3 млн теңгені құрады.
Сотта прокурор сотталушының кінәсін толық дәлелдеді.
Сотталушының кінәсін мойындауы және келтірілген шығынды ішінара өтеуі ескеріліп, сот үкімімен оған 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалып, пробациялық бақылау белгіленді. Сондай-ақ жазаны өтеу мерзімі ішінде жыл сайын 100 сағат көлемінде мәжбүрлі еңбекке тарту белгіленді.
-Сотталған адамға бірқатар міндеттер жүктелді. Атап айтқанда, пробация қызметін хабардар етпей тұрғылықты және жұмыс орнын өзгертуге, алкогольдік ішімдіктерді тұтынумен байланысты ойын-сауық орындарына баруға тыйым салынды. Жұмысы болмаған жағдайда жұмыссыз ретінде тіркелу, сондай-ақ сот белгілеген түнгі уақытта (сағат 22:00-ден 06:00-ге дейін) тұрғылықты жерінен тыс жерде болуға шектеу қойылды,-делінген хабарламада.
Сот үкімі заңды күшіне енді.
Астана қаласының прокуратурасы азаматтарды қырағылық танытуға, заңда белгіленген тәртіпті айналып өтіп, қандай да бір мәселені шешуге уәде берген адамдарға ақша қаражатын бермеуге және мемлекеттік қызметтерді алудың тек заңды тәсілдерін пайдалануға шақырады.
Осыған дейін 2026 жылы елімізде қанша адам жүргізуші куәлігінен айырылғаны және оған не себеп болғаны туралы жаздық.