Астана полиция департаментінің мәліметінше, екі жас жігіт мүсіндік композицияны, сондай-ақ оған іргелес аумақта орналасқан жеті қоқыс жәшігін бүлдірген.
Полиция елорданың екі тұрғынын — 18 жастағы Денис Суранов пен бір кәмелетке толмаған жасөспірімді анықтап, ұстады. Екеуі де уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Вандализм фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
— Кәмелетке толмаған жасөспірімнің ата-анасы оны тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, — делінген хабарламада.
Полиция өкілдері мұндай әрекеттерге қатаң тосқауыл қойылатынын атап өтті. Мұндай бірде-бір дерек құқықтық бағалаусыз қалмайды, ал кінәлілер заңға сәйкес қатаң жауапкершілікке тартылады.
Еске салайық, жыл басынан бері Астанада 94 адам вандализм үшін жауапкершілікке тартылғанын хабарлағанбыз.