Астанада журналистер арасында шағын футболдан матч өткізілді

None
АСТАНА. Маусымның 23-і. ҚазАқпарат /Жанна Қорқытова/ - Бүгін, журналистердің кәсіби мерекесі қарсаңында елордамыздың «Астана» стадионында қалалық БАҚ өкілдері арасында публицист Рамазан Ахметовты еске алуға арналған шағын футболдан матч болып өтті.

«Нұр Отан» ХДП АҚФ Қазақстан журналистері қауымдастығымен бірлесе ұйымдастырған аталмыш жарысқа 9 команда қатысты.

Сайыс нәтижесі бойынша, жеңімпаз кубогын, диплом мен қаржылай сыйлықты Қазақ радиосының ұжымы қанжығаларына байласа, екінші орын үшін кубок, мақтау грамотасы мен ақшалай сыйақыны «Нұр Астана» газетінің ұжымы иеленді, ал үшінші орынды «Астана ақшамы» газетінің ұжымы місе тұтты.