Астанада жүзуден әлем кубогының кезеңі басталды

АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін, 15 қазанда Астанада жүзуден әлем кубогының шешуші кезеңі басталды.

Фото: ҚР ҰОК

Қазақстанда алғаш рет ұйымдастырылып отырған жарыс 17 қазанға дейін жалғасады.

Жарыс «Барыс Арена» спорт кешенінде өтіп жатыр. Мұнда әлемнің үздік жүзгіштері, соның ішінде Олимпиада чемпиондары мен жүлдегерлері, сондай-ақ әлем чемпионаттарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері бақ сынайды.

Қазақстан намысын 22 спортшы қорғайды. Ұлттық құрама сапына Александр Румынский, Даниил Черепанов, Максим Клименко, Софья Сподаренко, Аделаида Пчелинцева, Егор Василенко, Глеб Коваленя, Даниил Чужинов, Раид Хиссамиев, Мансұр Балтемір, Еламан Бибулаев, Артем Шевченко, Айбат Мырзамұратов, Анатолий Руденко, Ришат Жұмағұлов, Әділбек Мусин, Артур Миронов, Максим Сказобцов, Егор Попов, Федор Диденко, София Әбубәкірова және Ғалымжан Балабек кірді.

Әлем кубогы кезеңінің ашылу салтанаты бүгін сағат 17:30–да өтеді.

Айта кетейік, 2026 жылы әлем кубогы Silk Road Tour сериясы аясында ұйымдастырылып, үш қаланы қамтыды. Алғашқы екі кезең Әзірбайжанның Баку және Өзбекстанның Ташкент қалаларында өтті.

Еске салайық, бұған дейін жүзуден әлем кубогы кезеңінде бақ сынайтын Қазақстан құрамасының тізімі анықталғанын хабарлағанбыз.