Астанада жыл басынан бері 1,5 мың мас жүргізуші ұсталды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада жыл басынан бері 1,5 мың мас жүргізуші ұсталды, деп хабарлады елордалық ІІД баспасөз қызметі.

Сонымен бірге, Астана қаласы ІІД ӘПБ жол-патруль полициясының қызметкерлері жол қозғалысын қадағалауда көлік құралдарының жүргізушілері автомобиль салондарынан жол бойына қоқыс лақтырудың 750-ден астам фактісінің жолын кесті. Астана қаласы ІІД ӘПБ бастығының орынбасары Гоман Жакин елордалық полицейлер ұсақ бұзақылық, қоғамдық орындарда темекі тарту және алкоголь ішімдіктерін ішу, қоқыс лақтыру және басқа да көптеген қоғамдық тәртіп бұзушылықтың 80 мыңнан астам фактілерін анықтағанын айтты.

Атап айтқанда, 3,5 мың тәртіп бұзушылар ұсақ бұзақылығы үшін жауапқа тартылды, соның 602-сі әкімшілік қамауға алынды, тағы 2900-іне айыппұл салынды. Учаскелік полиция инспекторлары тыныштықты бұзудың 7 мыңнан астам фактісінің жолын кесті. Қоғамдық орындарда темекі тартқаны үшін 13 мың адам жауапқа тартылды, тағы 3 мың адам қоғамдық орындарда жабысқаны үшін ұсталды.