Жеке тұрғын үй салушылар жалпы ауданы 99 723 шаршы метрлік үй салған.
Тұрғын үйлердің бағасына тоқталсақ, елордада тұрғын үйдің жалпы ауданының бір шаршы метрінің құны орта есеппен 129,7 мың теңгені құрайды, соның ішінде жеке тұрғын үй салушылар үшін шаршы метрдің құны - 115,5 мың теңге.
Қазіргі кезде Астана қаласының кәсіпорындары мен ұйымдары 223 462,1 млн. теңгені құрайтын құрылыс жұмыстарын (қызметтерін) орындады, соның ішінде 50,8%-ы жеке мердігерлік ұйымдарға, 49,1%-ы шетелдік мердігерлік ұйымдарға 0,1%-ы мемлекеттік мердігерлерге тиесілі.
Негізінен, құрылыс-монтаждау, күрделі және ағымдық жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
Құрылыс жұмыстарының басым бөлігін тұрғын және тұрғын емес ғимараттардың құрылысы құрайды - 68,7%, электротехникалық, слесарлық және өзге де құрылыс-монтаждау жұмыстары - 10,5%.