Астанада жыл басынан бері 38 мүгедек жұмысқа орналасты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жыл басынан бері Астанада 38 мүгедек жұмыспен қамтылды. 27 адам мамандарды дайындау және қайта даярлау қысқа мерзімді курстарына жолданды, деп жазады «Вечерняя Астана» газеті.

Елордалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметтері бойынша, Астанада жыл басынан бері мүмкіндіктері шектелген 38 адам тұрақты жұмысқа орналасу мүмкіндігіне ие болды. Еңбекпен қамту бойынша жұмысты күшейту мақсатында Астанада мобильдік топ құрылды. Сауалнама алынған 420 адамның 315-і жұмыс істеуге мүмкіндіктері жоқ екенін немесе жұмыс істегілері келмейтінін көрсеткен. Кәсіпорындарда жағдай жасалмағаннан кейін мүмкіндіктері жоқ, ал екіншісі көбінің арнайы білімінің жоқтығынан немесе қоғамдық ортаға бейімделмеген. Кедергісіз аймақты құру үшін Астананың әлеуметтік саласының 17 кәсіпорны - емхаланар, оқу орындары, мәдениет орындары құжаттамадан өтті. Осыған дейін олар мүмкіндіктері шектелген адамдардың қозғалуы үшін лайықталған болатын. Енді бұл объекттерге пандустар, тактильді плиткалар, жүгіртпе жолар орнатылады.

Еске сала кетейік, елде мүмкіндігі шектелген адамдарға көмектесу үшін «Халықты жұмыспен қамту» Заңымен 3 пайыздық жеңілдік енгізілген. Онда әрбір жұмыс берушіде жалпы жұмысшылар санынан 3 пайыз мүмкіндігі шектелген адамдар жұмыс істеулері керек. Бүгінде Астана әкімдігінің бөлімдерінде 200 мүгедек еңбек етуде.

Бір сөзбен айтқанда, Мемлекет басшысының «Әлеуметтік модернизация: Жалпы Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» бағдарламалық мақаласы бойынша жұмыс жүргізілуде. «Әлеуметтік жұмыс орындары» бағдарламасы мен мүмкіндігі шектеулі жандарды қайта даярлау курсынан өткізу жұмыстары жалғасуда. Жыл басынан бері оқудан өткен 5 адамның екеуі қоғамдық жұмысқа жолданды. Осы жылдың шілдесінен бері жаңа мамандықтарды 27 жұмыссыз тұрғын меңгере бастады.