«Аяз астаналықтар үшін оңайға түскен жоқ. Күн сайын денелерін үсік шалған немесе суық өтіп кеткен ондаған адам дәрігерлердің көмегіне жүгінеді. Жыл басынан бері аяз бен суықтан зардап шеккендердің саны 41 адам»,-деп жазады орталықтың баспасөз қызметі өздерінің Фейсбук парақшаларына.
Сонымен қатар, мамандар әлеуеттік желідегі парақшаларына үсіп қалу оқиғаларынан сақтану және оның алдын алу жөнінде пайдалы кеңестер жариялады.
«Төтенше жағдайға тап болсаңыз жедел түрде 112 байланыс орталығына қоңырау шалыңыз, басқа да ақпараттық-анықтамалық сұрақтар бойынша 109 телефонына хабарласа аласыз»,-деп хабарлайды орталық.