«Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларға жедел ден қою мақсатында жыл басынан бері 3 534 жедел жету жүзеге асырылды, оның ішінде 194 адам құтқарылды, 222 адам эвакуацияланды, 78 зардап шегушіге дәрігерге дейінгі көмек көрсетілді», - деді Е. Отарғалымұлы Астана коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде.
Спикердің айтуынша, қала аумағында жыл басынан бері 397 өрт тіркеліп, 4 адам қаза тапты және 28 адам түрлі дәрежеде жарақат алды.
«Өрттердің ең көп саны азаматтық қорғау органдарының бақылауынан тыс нысандарда орын алуда, әсіресе тұрғын үй секторында 161 жағдай, көлік құралдарында – 136, жаңадан салынып жатқан объектілерде – 21 өрт болды, бұл барлық тіркелген өрттердің 80% құрайды», - деді басқарма басшысы.