Тапсырылған үйлердің жалпы ауданы 766 427 шаршы метрді құрайды. Бұл 2014 жылдың сәйкес мерзіміндегі көрсеткіштен 82,2% артық. Жеке салушылар жалпы ауданы 24 481 шаршы метрлік үй салған. Бұл 2014 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 87,3% артық. Жеке тұрғын үй құрылысының жалпы тұрғын үйдегі үлесі 3,2% құрады, ал 2014 жылдың қаңтар-мамырындағы көрсеткіш - 6,7% .
2015 жылдың қаңтар-мамырында тұрғын үй құрылысына жұмсалған инвестициялардың жалпы көлемі 45392,0 млн. теңгені құрады. Бұл 2014 жылдың қаңтар-мамырындағы көрсеткішке 119,1% болады. Негізгі капиталды инвестициялаудың жалпы көлемі бойынша тұрғын үй құрылысындағы игерілген қаржы үлесі 24,2% құрады.
Елордада 2015 жылдың қаңтар-мамыр айларында жалпы құрылыстың 1 шаршы метрінің орташа нақты құны 109,7 мың теңге, ал, пайдалы тұрғын ауданының 1 шаршы метрінің орташа нақты құны 153,6 мың теңге, соның ішінде жеке салушылар салған үйлерде 91,5 мың теңге болды.