№ 1 қалалық балалар ауруханасы, №2, 3 және 9 қалалық емханалар, № 10 мектеп-гимназия, № 40 орта мектеп, Астана қаласы әкімдігінің «Белгілі тұрағы жоқ адамдарға арналған әлеуметтік бейімделу орталығы» КММ қазіргі кезде толық режимде жұмыс істеуде.
Бұдан басқа, № 3 қалалық емхана жанындағы жалпы практикалық дәрігерлер бөлімінде және «Демеу» отбасылық медицина оқу-практикалық орталығында жөндеу жұмыстары жалғасуда. Жыл басынан бері бағдарламаның арқасында барлығы 144 адам, оның ішінде Жұмыспен қамту орталығының жолдамасы бойынша - 72 адам жұмысқа орналастырылды.
Сонымен қатар бағдарлама аясында «Жұмыс берушінің қажеттіліктері аясында оқыту және көшіру арқылы жұмысқа орналасуға жәрдемдесу» бағыты бойынша жыл басынан бері 3 117 адам орналастырылды. Олардың 783-і мемлекеттік қолдау шараларымен қамтылды: жастар тәжірибесіне 586 бітіруші жіберілді, әлеуметтік жұмыс орындарына 115 адам орналастырылды, қайта даярлау курстарына 82 жұмыссыз жіберілді.
Жұмыспен қамту орталығының хабарлауынша, өтініш берген адамдардың 34 %-ы қызмет көрсету және сауда салаларына; 22%-ы денсаулық сақтау саласына; 16%-ы өнеркәсіпке; 12%-ы құрылысқа; 10%-ы білім беру саласына және 6%-ы басқа қызмет салаларына орналастырылған, деп жазады елорда әкімдігінің ресми сайты.