Астана қаласы Білім басқармасының басшылығы қызметіне Қасымхан Сенғазыев өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте осындай дерек келтірді.
«Жыл сайын оқушылар контингенті 21 мыңнан астам адаммен толығып жатыр. Бұл жыл сайын шамамен жаңа 10 мектеп қолданысқа беру қажет деген сөз. Қазіргі таңда елордада 236 мың баланы қамтитын 162 жалпы білім беретін мектеп жұмыс істейді. Оқушы орындарының тапшылығы 26 мыңға жетіп отыр. Сегіз мектепті үш ауысыммен жұмыс істесе, 18 мектеп шамадан тыс жүктемемен жұмыс істеп тұр», - деді Қасымхан Сенғазыев.
Аталмыш шарада ол балабақшалардағы кадр тапшылығы туралы мәлімет ұсынды.
«Бүгінгі күнде мектепке дейінгі ұйымдарда 5 800 педагог жұмыс істейді. Оның ішінде 24,5 пайыз тәрбиешінің бейіндік білімі жоқ. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 6,5 пайыз төмендеді. Аталған мәселені шешу үшін педагогтер біліктілік арттыру курсынан өтіп жатыр», - деді Қасымхан Сенғазыев.