Астанада жыл соңына дейін 2 510 пәтердің құрылысы аяқталады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада Қазақстан Республикасындағы 2008-2010 жылдарға арналған тұрғын үй құрылысын дамыту мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру ауқымында қазіргі кезде жалпы көлемі 261,5 мың шаршы метр 5 674 пәтердің құрылысы аяқталды. Бұл туралы елорда әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Көрсетілген бағдарлама бойынша барлығы 413,1 мың шаршы метрлік 8184 пәтер көзделген. Мемлекеттік бағдарламаның екінші кезеңі бойынша тұрғын үй құрылысы мына тұрғын үй кешендерінде жүргізілуде: Сарайшық көшесінен оңтүстікке қарай ТК-де, М.Жұмабаев даңғылынан шығысқа қарай және Н.Тілендиев даңғылынан оңтүстікке қарай Сарыбұлақ өзенінің бойындағы ТК-де. 2014 жылдың соңына дейін жалпы ауданы 151,6 мың шаршы метрлік 2 510 пәтердің құрылысын аяқтау жоспарлануда», - делінген хабарламада.

Жоспарланған мемлекеттік қаржыландыру көлеміне сәйкес Астана қаласы әкімдігінің 2020 жылға дейінгі бағыттарының тұрғын үйлерді пайдалану болжамы 44 800 пәтерді немесе 2 млн. 354 мың шаршы метрді құрайды: оның ішінде тұрғынүйқұрылыс салымдары жүйесі арқылы 304,0 мың шаршы метрлік 5 183 пәтер; кезектегілер үшін жалға берілетін - 183,0 мың шаршы метрлік 3580 пәтер; жас отбасылары үшін жалға берілетін тұрғын үйлер - 132,0 мың шаршы метрлік 2 778 пәтер; «ҚИК» АҚ қоры арқылы - 290,9 мың шаршы метрлік 5820 пәтер; апаттық үйлерді бұзу бойынша ілкі жоба бойынша - 1 037 мың шаршы метрлік 20 402 пәтер; «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры арқылы - 407,3 мың шаршыметрлік 7 118 пәтер.

«Бұдан бұрын хабарланғандай, 2014 жылы Бағдарламаны жүзеге асыру ауқымында Тұрғынүйжинақбанкі желісі бойынша 7 тұрғын үй кешенінде жалпы аумағы 86,5 мың шаршы метрлік 1 664 пәтердің құрылысы жүргізілуде, оның ішінде ағымдағы жылы нысандардың дайындығы ескеріле отырып, 4 ЖТК-де жалпы көлемі 52,0 мың шаршы метрлік 914 пәтерді пайдалануға беру жоспарлануда», деп хабарлады баспасөз қызметі.