Атап айтқанда, Түркістан, Керей, Жәнібек хан және Орынбор көшелерінің кварталындағы, Алматы мен Ақмешіт көшелерінің қиылысындағы балабақшалар құрылысы аяқталмақ. Айнакөл мен Мирзоян көшелерінің және Нәжімеденов пен Мирзоян көшелерінің қиылыстарындағы нысандардың құрылысы да аяқталып келеді. Жаңадан ашылатын балабақшалардың әрқайсысы 240-қа жуық баланы қабылдай алады. Сонымен қатар биыл қараша айында Түркістан мен Орынбор көшелерінің қиылысында №25 және №26 (200 орындық), сондай-ақ Айнакөл мен Жұмабаев көшелерінің қиылысында (240 орындық) екі балабақша ашылады, деп хабарланған елорда әкімдігінің ресми сайтында.
19:24, 14 Қазан 2014
Астанада жыл соңына дейін жаңа алты балабақша пайдалануға беріледі
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жыл соңына дейін Астана қаласының инфрақұрылымы жаңа алты балабақшамен толығады. Бұл мектепке дейінгі білім мекемелері жалпы саны 1400 балаға есептелген. Астана қалалық Құрылыс басқармасының хабарлауынша, қазан айының соңына дейін төртеуі өз жұмысын бастайтын болады.