Астанада жыл соңына дейін жылу бағасы қымбаттамайды - Табиғи монополияларды реттеу департаменті (ФОТО)

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада жыл соңына дейін жылу бағасы қымбаттамайды. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Астана қаласы бойынша табиғи монополияларды реттеу жəне бəсекелестікті қорғау департаментінің жетекшісі Марат Мустафин мəлім етті.

"Қазіргі таңда "Астана-Энергия" АҚ тарифті қымбаттату мəселесін қарастырып жатқан жоқ. Өздеріңіз білесіздер, 2013 жылдың соңында "Астана-Энергия" компаниясы үш жылға арналған шекті тариф бекітіп, 2,3 млрд теңгенің инвестициялық бағдарламасын қолға алған болатын. 2014 жылы шекті тарифтер енгізілгенімен, 2015 жылы инфляцияға жол бермеу үшін қала əкімдігімен келісе отырып, тарифті ұстап тұрдық. Ал, 2016 жылдың тарифтері туралы мəселені əлі қарастырамыз", - деп мəлім етті.

Оның айтуынша, кейбір кəсіпорындар тарифті қымбаттатуға мəжбүр болады. Тариф көмірдің, мазут пен тасымалдың қымбаттауына байланысты болуы мүмкін.