Оның хабарлауынша, осы уақытқа дейін Астанада тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі бойынша 420 пәтерлі бір көппәтерлі үй пайдалануға берілді. Оған қоса, жалпы 1633 пәтері бар 8 тұрғын үйдің құрылысы атқарылып жатыр. «Ағымдағы жылдың аяғына дейін біз тағы 5 үйді пайдалануға беруді көздеп отырмыз. Мемлекеттік комиссия екі нысанның актісін осы айда рәсімдесе, келесі айда - бір, ал желтоқсанда тағы екі тұрғын үйдің құжаттарына қол қойылады», - дейді С.Хорошун.
Әкім орынбасары атап көрсеткендей, Астанада пайдалануға берілетін баспана көлемінің азаюы тұрғын үй кешендерінің бәрін толыққанды дайын күйінде қабылдау талаптарын енгізумен тығыз байланысты.