Бұл туралы бүгін Астанада күзгі-қысқы маусымның аяқталуына арналған кеңейтілген алқа мәжілісінде қала әкімінің орынбасары Василий Крылов мәлім етті.
«Жалпы өткен кезең бойынша тұрғын үй инспекциясы басқармасына 1821 арыз-шағым түскен, оның 45-і пәтерлердегі жылуға қатысты болды. Олардың дені - мембағдарлама бойынша салынған үйлердің тұрғындары», - деді әкім орынбасары.