«Астана-Энергия» АҚ мен «Астана-Жылутранзит» АҚ басшылығы Астана қаласы әкімдігінің ұсыныстарын назарға ала отырып және тұтынушыларға тарифтердің жиі өзгеру факторларының әсер етуін, сондай-ақ тарифтік саясат пен теңгерім мүддесін тұрақтандыру қажеттігін ескеріп, 2018 жылғы 1 қаңтардан 30 маусым аралығында жылу энергиясын өндіру, тарату және үлестіру тарифтерін төмендету туралы шешім қабылдады», - делінген акционерлік қоғамдардың баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Мәлім етілгендей, тұтынушылар үшін жылу энергиясының бағасын түсіру, тарифті 2017 жылдың деңгейінде қалдыру арқылы қамтамасыз етілмек.
Айта кетейік, Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті 2017 жылдың 21 қарашасы күні 5 жыл мерзімге «Астана-Энергия» АҚ үшін тарифтің шекті деңгейін бекіткен болатын:
2018 жыл - 1 777 теңге/Гкал (ҚСҚ есебінсіз);
2019 жыл - 1 860 теңге/Гкал (ҚСҚ есебінсіз);
2020 жыл - 1 892 теңге/Гкал (ҚСҚ есебінсіз);
2021 жыл - 1 914 теңге/Гкал (ҚСҚ есебінсіз);
2022 жыл - 1 980 теңге/Гкал (ҚСҚ есебінсіз).
Сондай-ақ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті 2017 жылдың 29 қарашасында 5 жыл мерзімге «Астана-Теплотранзит» АҚ үшін жылу энергиясын беру мен үлестіру тарифінің шекті деңгейін бекітті:
2016 жыл - 1 070 теңге/Гкал (ҚСҚ есебінсіз);
2017 жыл - 1 131 теңге/Гкал (ҚСҚ есебінсіз);
2018 жыл - 1 204 теңге/Гкал (ҚСҚ есебінсіз);
2019 жыл - 1 277 теңге/Гкал (ҚСҚ есебінсіз);
2020 жыл - 1 346 теңге/Гкал (ҚСҚ есебінсіз).
Бұл ретте, «Астана-Энергия» 2018 жылдың бірінші жартыжылдығында жылу энергиясын өндіруге тарифті 1777,14 теңгеден 1 745,63 теңгеге дейін және «Астана-Жылутранзит» жылу энергиясын тарату мен үлестіру тарифін 1204 теңгеден 1 131,39 теңгеге дейін азайту туралы шешім қабылдады.
«Тарифтерді төмендету нәтижесінде «Астана-Энергия» АҚ-ның 2018 жылдағы табысы 112 млн теңгеге, «Астана-Жылутранзит» АҚ табысы - 220 млн теңгеге азаяды. Алайда бұл 2018-2022 жылдардағы инвестициялық бағдарламаларды жүзеге асыруға әсер етпейді. Кірістердің төмендеуі өзге қызметтен түскен табыстармен және шығындарды оңтайландыру арқылы өтеледі. Осылайша, Астана қаласының тұтынушылары үшін 2018 жылдың бірінші жартыжылдығында жылу энергиясын өндіру және тарату тарифтері 2017 жылдың деңгейінде қалатын болады», - делінген хабарламада.
2018 жылға арналған инвестициялық бағдарлама толық көлемде жүзеге асырылады.