«Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің елордалық департаментінің басшылығы атап өткеніндей, тұтынушылар үшін жылуды есептеу қондырғысы биылғы жылы «Астана-Жылутранзит» АҚ-ның энерготарату ұйымдары үшін бекітілген инвестициялық бағдарламалар есебінен орнатылатын болады», - деп мәлімдеді бөлімнен.
ТМРАД директоры Бахтияр Аталықовтың айтуынша, тұрғындар жылу есептегіштің бағасын өз қалталарынан төлемейді, барлық күш ұйымға түспек. Есептегіш құралдарын жылыту маусымы басталғанша орнату жоспарланып отыр. Бүгінгі күні оларды табуға және орнатуға тендер жарияланып, сондай-ақ, олар орнатылатын тұрғын үйлердің нақты мекенжайлары белгілі болды.
Еске салайық, сараланған тарифтер жылу энергиясын есептегіш жабдықтарының жоқтығына немесе болуына орай 2012 жылы қазан айында Қазақстан Республикасының «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру» туралы Заңына сәйкес енгізілген болатын.
«Есептегіш құралдарымен қамтылған елордалық тұрғындар жылуға орташа қойылған тариф бойынша 25 пайыз арзанырақ төлесе, жылу есептегіші жоқ тұрғындар 20 пайыз қымбат төледі. Енді ортақ шешім табылды», - деп атап өтті ведомстводан.