Астанада жылына жүрекке 1 500-ден астам ота жасалады

None
АСТАНА. 15 наурыз. ҚазАқпарат - Кейінгі 15 жылда астаналықтардың орташа ғұмыр жасының ұзақтығы 6 жылдан астамға ұзарды.

Бұған тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлемде өлім-жітімнің негізгі себептері болып отырған қан айналымы ауруын ерте кезеңде емдеудің арқасында қол жеткізілді.

Өткен жылға қарағанда, қан айналымы ауруы елордада 5,1 %-ға төмендеп, одан болатын өлім-жітім 22,6 %-ға кеміді. 2012 жылы көз жұмғандар саны 100 мың адамға шаққанда 114,2-ні құрап, жалпыреспубликалық көрсеткіштен (100 мың адамға 253,3) екі есе азайды.

Атап айтқанда, жүрек талмасынан көз жұматындар 49 %-ға төмендеп, 2011 жылғы 13,5-ке қарағанда 100 мың тұрғынға 6,9-ды құрады. Бұл туралы Астана қаласының ресми сайты Денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап хабарлады.

«Жыл сайын елордада жүрекке 1 500-ден астам ота жасалады. Олардың 60 %-дан астамына - шұғыл, ал 300-ден астамына - ашық жүрекке жасалады. Мұндай отадан көз жұматындар 3 %-дан көп емес», - делінген ведомствоның хабарламасында.