Қала әкімі Иманғали Тасмағамбетовтің сөзіне қарағанда, биылғы жылы қыс кезінде жылыту жұмыстары жоспардағыдай өткенін және энергия жабдықтау жүйесі іркіліссіз жұмыс істегендігін атап өтті. Белгілі болғандай, 2013-2014 жылдардағы жылыту маусымы 15 сәуірде аяқталмақ. Астанада жылу беру маусымы өткен жылдарға қарағанда әлдеқайда ерте басталды, яғни өткен жылдың бесінші қазанынан іске қосылды. Осы кезеңде екі миллион тоннаға тарта көмір, 20 327 тонна мазут пайдаланылды. Астанада төмен жылыту көрсеткіштеріне шағымдар саны былтырға қарағанда 25 пайызға азайған екен. Атап айтқанда, 2014 жылы «Астана-Жылутасымалы» АҚ инвестициялық бағдарламасы аясында жылу есептегіш құралдарын орнату 100 пайыз толығымен аяқталады деп жоспарлап отыр.
10:32, 08 Сәуір 2014
Астанада жылыту маусымы 15 сәуірде аяқталады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада ағымдағы жылу беру маусымында 1 426 млн. кВт электр қуаты мен 4 328 мың Гкал жылу энергиясы жұмсалды. Бұл туралы бүгін елорда әкімдігінде жылу беру маусымының аяқталуына байланысты жиын барасында таратылған мәліметтерден белгілі болды.