«Жылу беру кезеңінде энергия көздерінің, жылу және электр желілерінде апаттық ажыратулар мен бірінші дәрежелі істен шығу жағдайлары тіркелген жоқ», - деді Астана қаласы әкімінің орынбасары Қосман Айтмұхаметов.
Оның айтуынша, жылыту маусымы кезеңінде 2 284 млн кВт.ч электр және 6 391 мың Гкал жылу энергиясы өндірілген. Қаланың энергия көздерінде 2 766 мың тонна көмір (39 516 вагон), 7 565 тонна мазут (126 цистерна) жұмсалды.
Өткен жылдармен салыстырғанда энергия көздеріндегі апат жағдайы 19%-ға, электр желілеріндегі 23%-ға төмендеген.
Естеріңізге сала кетейік, Астана қаласы әкімінің 10 мамыр күнгі № 509-782 қаулысына сәйкес, қалада жылыту маусымы аяқталды.