«2013 жылғы 1 жартыжылдықта қала бойынша атмосфералық ауаға тұрақты көздерден 34,4 мың тонна көлемінде зиянды заттар шығарылды. Атмосфераға ластағыш заттар шығару туралы ақпарат берген 478 кәсіпорында 5107 тұрақты көздер тіркелді, соның ішінде 68,2% (3481) ұйымдастырылған болып саналады. Жалпы қала бойынша тазарту құрылғысымен жабдықталған тұрақты көздердің үлесі 8,1% (413) құрайды», - делінген хабарламада.
Айта кетейік, атмосфералық ауаға шығарылған зиянды заттардың жалпы көлемінің 77,5% газ тәрізді және сұйық, ал 22,5% қатты заттар құрайды.