Астанада зорлық экстремизмге қарсы іс-қимыл жөніндегі өңірлік конференция өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - 29-30 маусымда Астанада зорлық экстремизмге қарсы іс-қимыл жөніндегі Орталық және Оңтүстік Азия елдерінің Өңірлік конференциясы өтеді. Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.

Форум жұмысына Орталық және Оңтүстік Азия, АҚШ, Еуроодақ пен Ресей елдері құзыретті органдарының басшылары, БҰҰ, ЕҚЫҰ, ШЫҰ және халықаралық, қоғамдық ұйымдар, азаматтық қоғам өкілдері, экстремизм және терроризмге қарсы күрес саласындағы жетекші сарапшылар қатысады.