Астанада АLAMAN халықаралық медиа байқауының жеңімпаздарын марапатталды

АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін Астанада ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының ұйымдастыруымен және Бас редакторлар клубы мен Ұлттық медиа қауымдастығының қолдауымен АLAMAN халықаралық медиа байқауының жеңімпаздарын марапаттау шарасы өтті.

Фото: Kazinform

Қауымдастық президенті Исламбек Салжанов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұлттық спорт түрлерін дамытуға әрқашан шынайы ықылас танытып, айрықша қолдау көрсетіп отырғанын атап өтті.

Фото: Kazinform

Сонымен қатар ұлттық спорттың кең насихатталуына БАҚ өкілдерінің сіңірген еңбегіне тоқталды.

- Ұлттық спорт түрлері осы уақытқа дейін қарқынды даму үстінде. Қауымдастық екі жылда ұлы құндылықтарды ұлықтау ісінде аянып қалған жоқ. Түрлі республикалық және халықаралық жарыстар мен 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары ұлттық спорттың абыройын одан әрі биіктете түсті. Осы орайда халыққа ақпарат таратып, ұлттық спорттың қыр-сырын насихаттаған БАҚ өкілдеріне алғысымды айтамын, - деді ол. 

Фото: Kazinform

АLAMAN халықаралық медиа байқауына 200-ден аса материал келіп түсті.

Фото: Kazinform

Қазылар алқасы келіп түскен материалдарды жіті қарап, тиісті қорытынды шығарды.

Фото: Kazinform

Бұл ретте бірінші орынды Kazinform ақпарат агенттігінің Түркістан облысындағы фотоақпарат қызметінің фототілшісі Мақсат Шағырбай жеңіп алды.

Фото: Kazinform
Фото: Kazinform

Бұған дейін Отандастар қоры «Ұлы Дала» халықаралық кітап шығару байқауын жариялағанын жаздық.