Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, ғимараттың бірінші қабатынан тоғызыншы қабатына дейінгі кабель шахтасында электр кабелі жанған.
— Авариялық-құтқару жұмыстары кезінде баспалдақ арқылы үш адам, оның ішінде бір бала құтқарылды. Өрт 27 погон метр аумақта сөндірілді. Жалынның одан әрі таралуына жол берілмеді. Зардап шеккендер жоқ, — делінген хабарламада.
ТЖМ өкілдері өрт белгілері байқалған жағдайда дереу 112 нөміріне хабарласу қажет екенін еске салды.
— Өрт кезінде лифтіні пайдаланбаңыз және құтқарушылардың нұсқауларын орындаңыз, — деп ескертті ведомство.
Еске салайық, бұған дейін Астананың Есіл ауданындағы Сауран көшесінде орналасқан тоғыз қабатты тұрғын үйден өрт шыққанын хабарлағанбыз.