«Жалпы жоспар 12000 жеке үйге қосылуды қамтиды. Бүгінгі таңда 7593 абонент қосылған. Жобаға салынған инвестициялардың жалпы сомасы 2,68 миллиард теңгені құрайды. Барлығы 665 шақырым оптикалық байланыс желілерін салу жоспарлануда», - деді ол.
Сарыарқа ауданы бойынша «Көктал-1», «Көктал-2» және «Агроқалашық» тұрғын алаптарына «Қазақ Үй Желілері» ЖШС инвестор болған.
«Көктал-1»-де 60 шақырымнан астам көше кабельдері тартылып, 740 абонент қосылған;
«Көктал-2»-де 35 шақырымнан астам көше кабельдері тартылып, 138 абонент қосылған;
«Агроқалашық»-та 37 шақырымнан астам көше кабельдері тартылып, 320 абонент қосылған.
Есіл ауданы бойынша Тельман т/а инвесторы «Synergy Telecom» ЖШС 60 шақырымнан астам көше кабельдері тартып, 310 абонент қосылған;
«Заречный» және «Пригородный» тұрғын алаптарында «Қазақтелеком» АҚ-тан оптикалық интернет бар.
Нұра ауданы бойынша «Үркер» тұрғын алабына инвестор «Synergy Telecom» ЖШС, 140 км көше кабельдері тартып, 1400 абонент қосылған.
Алматы ауданы бойынша «Оңтүстік-Шығыс» (оң жағы) тұрғын алабында 85 шақырымнан астам көше кабельдері тартылып, 754 абонент қосылды. Инвестор: «Қазақ үй желілері» ЖШС.
«Промышленный» тұрғын алабында 25 шақырымнан астам көше кабельдері тартылып, 435 абонент қосылған; Инвестор: «Қазақ үй желілері» ЖШС.
«Интернациональный» тұрғын алабында 70 км көше кабельдері тартылып, 490 абонент қосылған. Инвестор: «Synergy Telecom» ЖШС.
«Мичурино» және «Күйгенжар» тұрғын алаптарында қосылу 2024 жылдың қыркүйегінде жоспарланған. Инвестор: «Synergy Telecom» ЖШС.
Байқоңыр ауданы бойынша «Өндіріс», «Казгородок» және «Кирпичный» тұрғын алаптарында 2024 жылдың тамыз-қыркүйек айларында қосылу жоспарлануда. Инвестор: «Қазақ үй желілері» ЖШС.
«Қоянды» саяжай алқабында 20 км көше кабельдері тартылып, 20 абонент қосылған. Инвестор: «Твой новый телеком» ЖШС.
«Елорданың тұрғын алаптарында жоғары жылдамдықты интернетті қосу жобасы цифрлық технологияларға қолжетімділікті айтарлықтай жақсартатынына және азаматтарымыз үшін жаңа мүмкіндіктер ашатынына сенімдіміз», - деді Берік Ахметов.