Астанадағы 2-ЖЭО-да қондырғылар күрделі жөндеуден өтіп жатыр
АСТАНА. KAZINFORM – Қыс – қыр астында. Бұл ретте, Астана қаласындағы жылу жүйесіне жауапты кәсіпорындар қондырғыларды жаңартып, барынша қамданып жатыр. Мәселен, 2-ЖЭО басшылығы инвестициялық бағдарлама шеңберінде қазандықтарды күрделі жөндеуден өткізген.
Фото: Солтан Жексенбеков/Kazinform
Атап айтсақ, №1 стансадағы БКЗ-420-140 және №7 стансадағы Е-550-13, 8-560 КТ қазандық қондырғылары жаңартылған.
Фото: Солтан Жексенбеков/Kazinform
Биыл инвестжобаларды жүзеге асыруға бөлінген 2,326 млрд теңгенің әзірге 64 пайызы игерілген. Жыл соңына дейін 830 миллион теңгеге жылу жүйесін жаңғырту жұмыстары жүргізілмек.
Фото: Солтан Жексенбеков/Kazinform
Кәсіпорын басшылығының айтуынша, қолданыстағы қондырғыларды ескі деуге болмайды. Алдыңғы жылдары рет-ретімен жаңартылған. Десе де, жылу құрылғылары қалыпты жұмыс істеуі үшін жиі күрделі жөндеуден өткізіп тұрған абзал.
Фото: Солтан Жексенбеков/Kazinform
Табиғи монополияларды реттеу комитеті мамандары инвестициялық бағдарламалар шеңберінде атқарылған жұмыстардың нәтижесін тексерді. Мамандардың айтуынша, тиісті жұмыстар уақытылы әрі сапалы аяқталған.
2013 жылы Алматы қаласындағы Абай атындағы ҚазҰПУ-ді журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Әр жылдары «Баянтау», «Ауыл тынысы», «Отарқа», «Сарыарқа самалы», «Қазақ үні», «Егемен Қазақстан» газеттерінде, «Ұлыс медиа» порталында қызмет атқарды.