Астанадағы «7 бочек» тұрғын үй кешенінде өрт шықты
АСТАНА. KAZINFORM — Дәл қазір ТЖМ өрт сөндірушілері Астана қаласының Нұра ауданында қызыл жалынға оранған тұрғын үй кешеніндегі өртті ауыздықтауға барын салып жатыр.
— Осы уақытта ТЖМ өрт сөндірушілері Астана қаласының Нұра ауданындағы Сығанақ көшесінде орналасқан тұрғын үй сыртқы қаптамасының өртенуін сөндіруге тырысып жатыр. Оқиға орнында күштер мен құралдар жоғары дәрежеде жұмыс істеп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталатын болады, — деп жазды ТЖМ баспасөз қызметі.
Мәлім болғандай, өрт орнында өрт сөндіру штабы құрылды. Тұрғындарды эвакуациялау жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.
— Суды үздіксіз беру ұйымдастырылды. Өрт болған жерді полиция департаментінің қызметкерлері қоршап алды, — деп жазды ведомстводан.
Еске сала кетейік, бұған дейін елордада қойма өртенгенін жазған едік.