Астанадағы Алаш тас жолындағы көпір 1 қыркүйектен бастап ашылады

Фото: Фото: Астана әкімдігі

АСТАНА. KAZINFORM – 1 қыркүйектен бастап Алаш тас жолындағы көпір арқылы қозғалыс толық қамтамасыз етіледі. 

Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы басшылығының мәліметінше, бұған дейін көпірдің сол жағындағы қозғалыс жөндеу жұмыстарына байланысты автокөлік құралдары үшін жабылған болатын. Бүгінде тиісті жұмыстар толығымен аяқталды. 

Еске сала кетейік, бұған дейін бүгін және ертең Астанадағы Бөкейхан-Керей мен Жәнібек хандар көшелерінің қиылысы толық жабылатынын хабарлаған едік. Сондай-ақ 29 тамыз бен 2 қыркүйек аралығында Мәңгілік ел мен Сарайшық қиылысындағы жолайрық жабық болады.