Композитордың LED-жарықтандыру технологиясы арқылы жасалған портретінің диагоналі 65 метрді құрайды және ол 53 мың пиксельден тұрады. Ауқымды бейне қаланың бірнеше тұсынан – Сарыарқа және Тұран даңғылдары, сондай-ақ Қорғалжын тасжолы жағынан анық көрінеді.
Арнайы тақырыптағы бейнетрансляция композитордың шығармашылығына арналған мерекелік шаралардың бір бөлігі болды.
Айта кетейік, бүгін елордада Шәмші Қалдаяқовтың туған күні кең көлемде аталып өтті. Қаланың әр жерінде композитордың өмірі мен шығармашылығына арналған музыкалық акциялар, перформанстар және блиц-сауалнамалар ұйымдастырылды.
Айта кетелік Астанада Шәмшінің әндері қала кеңістігінде жаңаша үнмен әуелеген еді.