Полицияның мәліметтеріне қарағанда, оқиға орнында пышақ жарақатын алған 53 жастағы ер адамның мәйіті табылды.
«Тәртіп сақшылары жедел іздестіру шараларының барысында 31 жастағы күдіктіні қолға түсірді. Алдын ала мәлімет бойынша, екі адамның арасында жанжал туып, соңы кісі өлімімен аяқталған. Заттай дәлел ретінде пышақ табылып, қылмыстық іс қозғалды»,-деп мәлім етті Полиция департаментінен.
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Осыған дейін елорданың екі тұрғыны «TikTok»-та құмар ойынын өткізгені туралы жаздық.